Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саунада жасақталған Алматы маңындағы балалар лагеріне қатысты дау: әкімдік лагерь ұйымдастырушыларын соттаспақ

Жарияланған күні:

Читать на русском
Өзен жағасындағы балалар
Өзен жағасындағы балалар. Көрнекі фото: pixabay.com

Ата-аналардың арызынан кейін Алматы әкімдігі балаларға арналған демалыс орнын ұйымдастырушыларын сотқа бермек. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қалалық білім басқармасы балалардың жазғы лагері қолайсыз жерде жасақталғанына қатысты түсініктеме берді – бұған дейін бұл туралы желіде ақпарат пайда болған еді.

Қазір қызмет көрсетуші – "БелРичи" ЖШС компаниясын сенімсіз жеткізуші деп танып, бұдан былай оған мемлекеттік сатып алуға қатысуға тыйым салу туралы талап-арыз дайындалуда.

Білім басқармасы қызмет көрсетуші мемлекеттік сатып алудың барлық ережесіне сәйкес болғаны туралы анықталғанын айтты.

Ведомствоның мәліметінше, 13 шілдеде "Арман дала" саяжай лагерінде балалардың демалысын ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылған.

15 шілдеде білім басқармасы қызметкерлерінің бақылауымен балалар алғаш рет кіргізілген болатын.

"Талаптарды бұзу фактілері анықталған кезде шұғыл түрде балаларды үйлеріне жеткізу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта балалар лагерде жоқ. Көп ұзамай олар бекітілген ережелерді қатаң сақтай отырып, қайтадан лагерьлерге жіберілетін болады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, қызмет көрсетушімен қолданыста болған келісімшарт бұзылған, сондай-ақ бұл компанияның басқа мемлекеттік сатып алуларға қатысуына жол бермеу үшін "сенімсіз жеткізуші" деп тану туралы талап арыз беріледі.

Сонымен қатар білім басқармасының жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды.

"Бүгінде білім басқармасы қоғамдық кеңеспен бірлесіп, жұмыс тобын құрды, оның құрамына ата-аналар қоғамдастығы, қалалық прокуратура және өзге де мүдделі органдардың өкілдері кіреді. Жұмыс тобы барлық саяжай лагерін аралап шығады. Жұмыс тобы саяжайдағы лагерьлердің мониторингінің нәтижесі туралы мерзім сайын есеп беріп отыратын болады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы қаласының сыртында орналасқан балалар лагерінен кадарлар пайда болды. Ата-аналардың сөзінше, лагерь саунаның ішінде жасақталған.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Алматы қалалық білім басқармасы ата-аналар шағымынан кейін қызметкерлер дереу лагерьге аттанғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028944-saunada-zasaqtalgan-almaty-manyndagy-balalar-lagerine-qatysty-dau-akimdik-lager-uiymdastyrusylaryn-sottamaq/