Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдайлары сұмдық": бала құқықтары жөніндегі уәкіл лагерь, балабақша, орталықтарға қатысты арыздар көп түскенін айтты

Опубликовано:

Балабақшаның іші
Балабақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева маусым айынана бері балалар лагерлерінің күйіне қатысты арыздар көп түсіп жатқанын айтты. Бұл туралы ол Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

"Алматы маңындағы "Арман Дала" лагеріне қатысты. Кеше түсте білім басқармасының қызметкерлері лагерьге жолға шықты. Ұйыммен жасалған келісім-шарт бұзылатын болды. Лагерь иесіне тиісті шаралар қабылданады. Бұдан бөлек, уәкілетті тұлғаларды жауапкершілікке тартатын тексеріс жүргізілетін болады", - деді Динара Зәкиева.

Сондай-ақ ол оңтүстік облыстардағы лагерлерьді аралап, жай-күйін көріп шыққанын жазды.

"Қазақстанда 120 мемлекеттік, 98 жеке меншік, 900 шатырлы және 9,5 мың мектеп жанындағы лагерь қызмет көрсетеді. Қазір лагерь ашу үшін СЭС мен ТЖД-нен рұқсат қағазын алу қажет. Жағдайлары сұмдық, әрі талаптарға сай келмейтін бұндай жеке меншік ұйымдардың олардан қалайша рұқсат ала алғаны сұрақ тудырады. Алды ма? Өйткені, анықталғандай, СЭС рұқсат қағазынсыз жұмыс істеп жатқан лагерьлер де бар. Тиісінше, сұрақ конкурс өткізу рәсіміне қатысты. Бұл үшін жауапкершілікке тарту қажет деп санаймын, тиісті сұрау салдым", - деп жазды Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл.

Динара Зәкиева бүгінде балаларға арналған ұйымдар жұмысының бірыңғай стандарт-талаптары, оларды заңнамалық тұрғыдан реттеу жоқ екенін тілге тиек етті.

"Тексеріске мораторий тұр. Балабақшаларға, дамыту, түзету орталықтары сияқты түрлі мекемеге қатысты арыз, шағымдар көп түсіп жатыр. Осы мәселені шешу мақсатында қазір біз мемлекеттік органдармен пысықтап жатқан нормалардың ішінде мораторийді алып тастау туралы, қызмет көрсетуге рұқсат беруді реттеу туралы және балаларға арналған бардық мекемеге бірыңғай стандарттар мен ережелер енгізу туралы норма бар. Бұл ұсыныстарды күзде парламентке жібермекпіз", - дейді ол.

Сонымен қатар аталған мәселені шешу үшін бала құқықтары жөніндегі уәкіл балаларға қызмет көрсететін барлық ұйымдар үшін лицензиялауды енгізу қажет екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029039-zagdailary-sumdyq-bala-quqyqtary-zonindegi-uakil-lager-balabaqsa-ortalyqtarga-qatysty-aryzdar-kop-tuskenin-aitty/

pixel