Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық оқушы жол апатына түскеннен кейін сабаққа бару үшін "ақылды сөмке" ойлап тапқан

Опубликовано:

Айдар Советбек
"Ақылды сөмкені" ойлап тапқан Айдар Советбек. Фото: t.me/oqu_agartu

Түркістандық оқушы Айтуар Советбек пультпен басқарғанда қозғалатын "ақылды сөмке" жасап шығарды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, "Төрткүл" жалпы орта мектебінде оқитын Айтуар Советбек өзі ойлап тапқан сөмкені сабаққа ұстап, көпті таңқалдырған. Оған бұл ой мұқтаждықтан туған.

Айтуар 1 жыл бұрын жол апатына түсіп, күрделі ота жасалған. Дәрігерлер ұзақ уақыт ауыр зат көтеруге тиым салып, тіпті кітап-дәптер көтеруге де болмайтынын айтқан. Сабақта қалғысы келмеген озат оқушы тығырықтан шығар жол іздеп тапты.

"Үйде жатып оқу қиын, қатарыңнан қалып қойғандай күй кешесің. Мектепке барайын десем денсаулығым жарамады, оқу-құралымды таситын бір адам керек. Ал үйдегілердің жұмысы бар, үнемі менің қасымда жүрмейді ғой. Сосын кітаптарымды тасу үшін пультпен жүретін сөмкем болса деп ойлап, оны алдымен қағаз, картоннан жасап көрдім. Пластмасса жәшігін одан басқа бірнеше материалды пайдаланып, тиімділігін тексердім. Ең бірінші сөмкем пластмассадан жасалды, кітап-дәптерлерімді салып мектепке дейін барамын. Ал сатыдан көтеруге сыныптастарым көмектеседі", -дейді оқушы Айтуар Советбек.

Министрлік ақпаратынша, айтуардың бұл идеясын анасы да қолдап, дизайннына мән береді. Ұлы ойлап тапқан сөмкенің сырт пішінін жасауға көмектескен.

Қазір түркістандық оқушы жылжымалы сөмкені одан әрі дамыту үстінде, сатыдан өзі шығатын механизм жасап, өнімін сатылымға да шығару ойында бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029065-turkistandyq-oqusy-zol-apatyna-tuskennen-keiin-sabaqqa-baru-usin-aqyldy-somke-oilap-tapqan/

pixel