Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мохитоны көп сұрайды": түркістандық келіншек бір ай ішінде мың банка компот жапқан

Опубликовано:

Қайнатылған компот
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістандық Шахноза Атанова бес жылдан бері банка жабумен айналысады. Ол биылғы жаздың бір айында 2 мың литрден аса компот дайындап үлгерген, деп хабарлайды "Түркістан" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шахноза былтырғы жазда төрт мыңға жуық банка жапқан. Биыл бір ай ішінде сегіз түрлі шырыннан мың банка жауып үлгерді.

"Сегіз түрлі шырынның ішінде сұранысқа көп ие болған мохито сусыны бар. Мохитоның үш түрлі дәмі бар. Одан бөлек, алма мен қараөрік, алма мен шие, алма мен апельсиннен жасалған шырын көп. Сұранысқа ие компоттарым бар", - дейді Шахноза.

Компот жасауды кәсіп еткен келіншек негізінен өз бақшасындағы жеміс-жидектерді пайдаланады. Ал жетпей қалған жағдайда, базардағы жаңа терілген жемістерді сатып алады.

Көпбалалы ана бұл кәсіпті әбден меңгерген. Егер үлгермей қалса, қыздары көмектеседі. Шахнозаның айтуынша, өнімнің сапалы шығуы көкөніс пен жемістің балғындығына байланысты.

Шахноза Атанова өзі дайындайтын сусынға 250 грамм қант қосады. Шырын құрамындағы қант одан аз да, көп те болмауы тиіс. Әйтпесе, өнімнің сапасы бұзылып кетеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029146-moxitony-kop-suraidy-turkistandyq-kelinsek-bir-ai-isinde-myn-banka-kompot-zapqan/

pixel