Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талапкерлер үш қаланың ЖОО-ларын таңдауда": бүгінге дейін грант конкурсына 83 мың өтініш келіп түскен

Опубликовано:

талапкерлер
Талапкерлер. Көрнекі фото: pixabay.com

19 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 83 мың өтініш келіп түскен. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Министрлік мәліметінше, талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын республикалық маңызы бар үш қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр. Олар: Алматы (34 мың), Астана (16 мың) және Шымкент (5 мың).

Талапкерлердің ішінде ең сұранысқа ие бағыт болып "Педагогикалық ғылымдар" (22 мың), "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (16 мың) және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" (11 мың) қалып отыр.

Ал білім беру бағдарламаларының тобында ең көп өтініш "Ақпараттық технологиялар" (9 мың ), "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" (5 мың) және "Медицина" саласы (4 мың ) бойынша келіп түскен.

Айта кетейік, еліміз бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау 13 шілдеде басталды. Бір күннің ішінде 15 мыңға жуық талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтінішін жіберген еді.

Өтініш қабылдау кампаниясы 20 шілдеге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029256-talapkerler-us-qalanyn-zoo-laryna-tapsyruda-buginge-deiin-grant-konkursyna-83-myn-otinis-kelip-tusken/

pixel