jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Грант конкурсына қатысу үшін бір күнде 15 мыңға жуық талапкер құжат тапсырған

Тест нәтижесін қарап тұрған талапкерлер
Тест нәтижесін қарап тұрған талапкерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 13 шілдеде еліміз бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау кампаниясы басталды. Бір күннің ішінде 15 мыңға жуық талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтінішін жіберген. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Facebook парақшасында хабарлады.

Министрлік мәліметінше, ең көп өтініш "Педагогикалық ғылымдар" мен "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" бағыттарына берілген. Әр салаға 3 мың өтініштен келген.

Министрлік хабарлауынша, биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.

Дегенмен бүгін кейбір азаматтар еGov порталы арқылы қызмет алу барысында ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде орын алған ақауларға байланысты техникалық мәселелерге тап болған.

Осыған байланысты қазіргі таңда Ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ҰБДҚ ақпараттық жүйесіндегі ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Айта кетейік, отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сонымен қатар жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсыну қажет.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы 20 шілдеге дейін жалғасады.

Грант конкурсына қатысу үшін бір күнде 15 мыңға жуық талапкер құжат тапсырған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.