Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кәрісше түс көремін": бірнеше тіл білетін түркістандық бойжеткен ерекше қасиеттерін атады

Опубликовано:

Айым Әбдірайхан
Айым Әбдірайхан. Фото: "Түркістан" арнасы

Түркістандық Айым Әбдірайхан бірнеше тілді меңгерген. Ол кейде жаңадан үйренген тілде түс көретінін де айтты, деп хабарлайды "Түркістан" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Кореяда екі-үш рет кәрісше түс көрдім. Тілдерді үйреніп жатқан кезім еді. Өз түсімді өзім түсінбедім. Кәрісше сөйлеп отыр екем.

АҚШ-та жүрген кезімде түсімді ағылшын тілінде көрдім. Американың көпұлтты екенін білесіздер. Естіген тіліңде түс көресің, бірақ өзің түсінбейсің.

Егер арманың болса, кез келген тілді оңай үйренуге болады. Оқушыларымнан да бірінші сабақ басталмай тұрып, ағылшын тілі не үшін керек екенін сұрап аламын.

Біреуі жұмыс үшін, біреуі өзі үшін оқиды. Ал егер адам тілді не үшін оқып жатқанын ұмытып бара жатса, не үшін оқып жүргенін еске саламын", - дейді Айым Әбдірайхан.

Айымның өзі оқушы кезінен шетелді аралауды армандағандықтан, ағылшын тілін жетік меңгерген. Бүгінде ол өзінің тіл үйрететін орталығын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029309-karisse-tus-koremin-birnese-til-biletin-turkistandyq-boizetken-erekse-qasietterin-atady/

pixel