Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдын Құлсейітов президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды

Опубликовано:

Айдын Құлсейітов
Айдын Құлсейітов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің жаңа меңгерушісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Президенттің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Құлсейітов 1997 жылы – Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін; 2004 жылы – Қазақтан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған.

Сондай-ақ ол техника ғылымдарының кандидаты.

1996-2000 жылы – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2000-2003 жылы – Өскемен қаласының Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының Индустрия және экология бөлімінің бас маманы, бастығы қызметін атқарған.

2003-2004 жылы – Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы болған.

2004-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, одан соң Өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, Индустриалдық саясат департаментінің директоры, кейін Хатшылық-стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры қызметінде істеген.

2008-2009 жылы – Қазақстан президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2009-2014 жылы – "Ұлттық инновациялық қор" АҚ басқарма төрағасы (қайта ұйымдастырудан кейін "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік") болған.

2014-2017 жылы – "Қазақстандық индустрия дамыту институты" АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған.

2017-2019 жылы – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі болды.

Сонымен қатар ол 2019 жылғы 22 шілдеде мемлекет басшысының өкімімен Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Құлсейітов Қазақстан Республикасының "Құрмет" грамотасымен марапатталған (2014).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029362-aidyn-qulseiitov-prezident-akimsiliginde-zana-lauazymga-tagaiyndaldy/

pixel