Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңындағы лагерьден шу шыққан соң еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Балалар лагері
Балалар лагері. Көрнекі фото: Рexels.com

Бас прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы прокуратурасы саунадағы балалар лагеріне қатысты екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Жазғы кезеңді және балалардың құқықтарының ықтимал бұзылуын ескере отырып, Бас прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті", – делінген хабарламада.

Тексеру кезінде балалардың тұру жағдайы, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы, өрт қауіпсіздігі, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету жай-күйін қамту жоспарланған.

Сонымен қатар 2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттелуде.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118-і – мемлекеттік лагерь, 100-і – жекеменшік, ал 630-ы – шатырлы лагерь.

Сондай-ақ ведомствоның хабарлауынша, маусым айында 10216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029367-almaty-manyndagy-lagerden-su-syqqan-son-elimizdin-bas-prokuraturasy-malimdeme-zasady/

pixel