ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті
Жарияланған күні:
Читать на русскомАтырау облысында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді. Қазіргі таңда тергеу басталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 17 шілдеде Қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-тармағы бойынша ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
"Қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық, толықтылық пен объективтілікті қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар тергеу амалдары жүргізілді.
Бұл әрекеттер ұйымның коммерциялық және өзге жұмысына кедергі келтірмейді. Ешкім де ұсталған жоқ", - делінген хабарламада.
ҰҚК өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабының талаптарына сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін 29 сәуірде тепловизордың арқасында жеті адамның бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтіп, Қазақстан мен Ресей шекарасынан заңсыз өтпек болғаны анықталғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029376-uqk-zansyz-kosi-qon-arnasynyn-zolyn-kesti/