Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті

Опубликовано:

Адамдар
Адамдар. Көрнекі сурет: AndreyPopov/Getty Images

Атырау облысында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді. Қазіргі таңда тергеу басталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 17 шілдеде Қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-тармағы бойынша ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық, толықтылық пен объективтілікті қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар тергеу амалдары жүргізілді.

Бұл әрекеттер ұйымның коммерциялық және өзге жұмысына кедергі келтірмейді. Ешкім де ұсталған жоқ", - делінген хабарламада.

ҰҚК өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабының талаптарына сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін 29 сәуірде тепловизордың арқасында жеті адамның бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтіп, Қазақстан мен Ресей шекарасынан заңсыз өтпек болғаны анықталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029376-uqk-zansyz-kosi-qon-arnasynyn-zolyn-kesti/

pixel