Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді ұялы телефон нөмірін тіркеген кезде қазақстандықтарға биометриядан өту талап етілуі мүмкін

Опубликовано:

Ер адам ұялы телефон қарап отыр
Ұялы телефон. Көрнекі фото: Pixabay.com

Қазақстанда ұялы байланыс қызметін көрсету бойынша ережелерге өзгеріс енгізу жоспарлануда. Енді жаңа нөмірді тіркейтін кезде абоненттер биометриялық деректер (адамның бет-бейнесін) тексерісінен өтуге міндеттелуі мүмкін. Тиісті бұйырық-жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжатта Цифрлық даму министрлігі ұялы телефон нөмірін тіркеу процесі кезінде биометриялық растаудан өту процесін енгізуді жоспарлап отырғаны айтылған. Бұл – азаматтарды алаяқтардан қорғау үшін енгізілмек.

"Цифрландырудың қарқынды дамуын ескере отырып, абоненттік құрылғылар республика азаматтарының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу кезінде ұялы байланыс абоненттерін дұрыс сәйкестендірусіз тіркейтін онлайн сервистер арқылы тіркеледі.

Бұл проблеманы абоненттік нөмірлерге басқа адамдардың дербес деректерін тіркейтін және қаржы секторында қылмыс жасайтын алаяқтар пайдаланады" , – делінген бұйрықтың салыстыру кестесінде.

Мамандардың айтуынша, салдарынан құқық қорғау органдары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде дұрыс ақпарат ала алмайды.

"Осы қылмыстарды минералдандыру мақсатында биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды", – деп түсіндірді мамандар.

Осылайша, ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларының 55-тармағына мынандай өзгерістер енгізу ұсынылған:

"Ұялы байланыс қызметтері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 397-бабына сәйкес оператор мен абонент арасында жасалатын ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт (бұдан әрі – шарт) негізінде көрсетіледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңының 10 бабына сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып шарт жасасуға жол беріледі".

Тиісті бұйрық жобасы 3 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Айта кетейік, биометриялық деректер – бұл дербес деректер субъектісінің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын, оның негізінде субъектінің жеке басын анықтауға болатын дербес деректер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029452-endi-uyaly-telefon-nomirin-tirkegen-kezde-qazaqstandyqtar-biometriyalyq-derekterdi-tekseruden-otui-mumkin/

pixel