"Найзағай, қатты жел": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер жұма, 21 шілдеде Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада кел күшейіп, найзағай ойнауы ықтимал. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, жел екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Бұл ретте термометр күндіз +25...+27 градусты көрсетсе, түнде елордада ауа температурасы +13...+15 градусқа дейін төмендейді.
Алматыда да бүгін найзағай ойнайды деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, бірақ найзағай кезінде екпіні 15 м/с дейін жетуі мүмкін. Оңтүстік астанада күндіз ауа температурасы +32...+34 градусқа дейін көтерілсе, түнде +20...+22 градусқа дейін төмендейді.
Найзағайға байланысты екі мегаполисте де дауылдық ескерту жарияланды.
Шымкентте бүгін жауын-шашын болмайды, алайда қалада да қатты желдің болуына байланысты дауылдық ескерту жарияланды. Мегаполисте жел жылдамдығы 8-13 м/с жетеді. Метеорологтар қалада әлі де аптап ыстық сақталатынын еске салды. Шымкентте ауа температурасы күндіз +36...+38 градус болса, түнде +23...+25 градус жылы болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029510-naizagai-qatty-zel-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/