jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Найзағай, қатты жел": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Судағы қағаз қайық
Жаздағы жаңбыр суы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жұма, 21 шілдеде Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада кел күшейіп, найзағай ойнауы ықтимал. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, жел екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Бұл ретте термометр күндіз +25...+27 градусты көрсетсе, түнде елордада ауа температурасы +13...+15 градусқа дейін төмендейді.

Алматыда да бүгін найзағай ойнайды деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, бірақ найзағай кезінде екпіні 15 м/с дейін жетуі мүмкін. Оңтүстік астанада күндіз ауа температурасы +32...+34 градусқа дейін көтерілсе, түнде +20...+22 градусқа дейін төмендейді.

Найзағайға байланысты екі мегаполисте де дауылдық ескерту жарияланды.

Шымкентте бүгін жауын-шашын болмайды, алайда қалада да қатты желдің болуына байланысты дауылдық ескерту жарияланды. Мегаполисте жел жылдамдығы 8-13 м/с жетеді. Метеорологтар қалада әлі де аптап ыстық сақталатынын еске салды. Шымкентте ауа температурасы күндіз +36...+38 градус болса, түнде +23...+25 градус жылы болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.