Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі

Опубликовано:

Асқар Забикулин туралы телесериал түсірімінен
Асқар Забикулин туралы телесериал түсірімінен. Фото: instagram.com/aqparatqogam/

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы "Қаһарман" деген атпен түсірелетін телесериал қыркүйекте "Астана" арнасынан көрсетіледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

“Соңғы кездері елімізде сериал өндірісі, креативті индустрия дамып жатқаны белгілі. Бізде түсірілген сериалдарды шетелдік арналарға сатып алуда.

Сондай фильмнің біріқарапайым да адал еңбек адамын суреттейтін "Қаhарман" атты телеөнім. Өрт кезінде опат болған батыр бейнесін насихаттайтын сериалдың сюжеті шынайы оқиғаларға негізделгенхалық қаһарманы Асқар Забикулин туралы. Бас кейіпкері - өткен жылы ғана алаумен арпалысып, үш адамның өмірін құтқарған, өкінішке орай, өзі ажал құшқан өрт сөндіруші Асқар Забикуллин", - деді министр.

Министр Астана қаласындағы түсірілім алаңына барып, шығармашылық топпен кездескенін атап өтті. Сонымен қатар Асқар Забикулиннің әйелі - Анель және қыздарымен әсерлі әңгіме болғанын айтты.

Ведомство мәліметінше, телесериал қыркүйек айында "Астана" телеарнасында көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029575-erlikpen-qaza-tapqan-ort-sondirusi-asqar-zabikulin-turaly-teleserial-qyrkuiekte-korsetiledi/

pixel