Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райының қолайсыздығынан Алматыдағы бірқатар көшеде жарық сөніп қалды

Опубликовано:

Электр шамы
Электр шамы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматының бірқатар ауданындағы электр желісінде апат болып, жарық сөніп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мәліметінше, қатты желдің салдарынан кейбір ауданда ағаштар құлап, бұл электр тарату желісіндегі 6-10-0, 4 киловольттың ажырауына әкелген.

Салдарынан алматылық тұрғындар электрден ажыратылған.

Компанияның ақпаратынша, электр қуаты Жамақаев, Шукшин, Гагарин, Жароков, Әуезов, Жамбыл, Төле би, Шолохов, Сейфуллин көшелерінде өшкен.

Сондай-ақ компания қазіргі уақытта электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда дауыл тұрып, салдарынан ағаштар құлағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029646-aua-raiynyn-qolaisyzdygynan-almatynyn-birqatar-audanynda-zaryq-sonip-qaldy/

pixel