Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт жастағы баланы түлкі тістеп алған": Ақтөбе облысында карантин жарияланды

Опубликовано:

Карантин
Карантин. Фото: pexels.com

Ақтөбе облысында төрт жастағы баланы тістеген түлкіден құтырма ауруы анықталған. Бұл туралы Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

4 шілдеде Ақтөбе облысындағы Қобда аудандық ауруханасына түлкі тістеп алған төрт жасар бала жеткізілген болатын. Қазір оның жағдайы қалыпты.

Дәрігердің айтуынша, баланы емдеу 28 күнге созылады.

Ал түлкі өлтірген.

Арна мәліметінше, осыдан кейін шаруа қожалығында 21 күндік карантин жарияланған. Тіпті ауылдан мал әкеліп, ет-сүт өнімдерін сатуға да тыйым салынып отыр.

"Аудандық инспектор Қобда өзенінен 10 шақырым жерде орналасқан "Ертемір" шаруа қожалығына шектеу шарасын енгізу туралы шешім қабылдады. Біз қазір бұл ауданда екпе салу мен сауықтыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз", – деді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Күлсара Жақыпова.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029654-tort-zastagy-balany-tulki-tistep-algan-aqtobe-oblysynda-karantin-zariyalandy/

pixel