jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    ТЖМ комитетінің төрағасы мен департамент басшылары қамауға алынды

    Нұрболат Дербісов, Мадияр Жақсыбаев, Бауыржан Ізбасаров.
    Нұрболат Дербісов, Мадияр Жақсыбаев, Бауыржан Ізбасаров. Фото: gov.kz

    Астанада ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД басшылары қамауға алынды. Бұл туралы Антикордың Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Құзырлы органның хабарлауынша, 21 шілдеде Астана қаласының ауданаралық тергеу сотымен ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД басшыларына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

    "Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексерілуде, - делінген хабарламада.

    Антикора қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

    Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетінін ескертті.

    Еске салайық, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ТЖМ комитетінің төрағасы мен департамент басшылары жемқорлық бойынша күдікке ілінгенін хабарлаған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.