Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да қыздардың қатысуымен болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жаппай төбелес
Жаппай төбелес. Кадрдан үзінді: t.me/POLICE_of_KZ

Шығыс Қазақстан облысында жедел басқару орталығының бақылау камераларына жаппай төбелес түсіп қалды. Төбелеске қыздар да қатысқанын көруге болады. Тәртіп сақшылары үш күдіктіні ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 9 шілде күні Өскемен қаласының полициясына қала тұрғыны дәмханалардың бірінің маңында бірнеше белгісіз адам оны жарақаттап кеткенін айтып, арызданған.

Полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының операторларымен бірлесіп, 1996, 1992 және 1996 жылы туған үш күдіктіні анықтаған. Біраз уақыттан кейін күдіктілер ұсталды. Олар өз кінәсін мойындаған. Ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалған.

"Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Түркістан облысында ер адам мен жедел жәрдем қызметкері арасындағы төбелестің видеосы пайда болған. Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдіргені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029822-sqo-da-qyzdardyn-qatysuymen-zappai-tobeles-videoga-tusip-qaldy/

pixel