jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілген

Оқулықтар
Оқулықтар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитеті қазіргі таңда оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді.

Министрлік өкілдері цифрлық оқулықтарды әзірлеуге еліміздің 11 баспасы тартылғанын атап өтті. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтердің оны пайдалануы үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, оқытылған.

"Қазіргі күні еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының 94 пайызы, 5-9 сынып оқулықтарының 81 пайызы, 10-11 сынып оқулықтарының 61 пайызы электронды нұсқаға көшірілген. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100 пайыз қамту жоспарланған",- дейді орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Ведомство хабарлауынша, электрондық оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылады. Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалған.

Министрлік ақпаратынша, 2023 жылдың басынан бастап Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылған. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.

Елімізде оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.