jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Амал жоқ": Өскемен маңындағы кентте мұсылмандар христиандардың зиратына жерленуде

Зират
Зират. Көрнекі фото: ult.kz

Өскеменнің Согра кентінде он шақты мұсылман христиандар зиратына жерленген. Бұл туралы "Дидар" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Согра кентінің тұрғындары мұсылман зираты мен мешіт құрылысына жер бөлуді сұрайды. Өмірден өткен он шақты мұсылман баласы христиандардың зиратына амалсыз жерленген.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омармен кездесу кезінде согралықтар кенттің маңында мұсылмандарды жерлейтін зираттың жоқтығын айтып, оған жер беруді өтінді.

"1977 жылдан бері осы жерде тұрамын. Мен Согра, Арматура, Радужная кенттері тұрғындары атынан келіп тұрмын. Бізге мұсылмандар зиратына жер керек. Ахмер, Меновное, Аблекетка аудандарындағы зират жабылды. Горняктағы зират бізден шалғай әрі оның қызметін әркімнің қалтасы көтере бермейді. Ана жолы он мұсылманды амалсыз орыс зиратына жерледік", – деді Жомарт есімді ақсақал.

Ол кісі өздері қай жерді таңдап қойғандарын да айтып берді.

Жақсылық Омар ақсақалды алдағы аптада қабылдап, жер мәселесін шешіп беруге уәде етті. Тағы бір тұрғын осы шағын ауданда мешіт салуға қол ұшын беруін сұрап отыр.

"Амал жоқ": Өскемен маңындағы кентте мұсылмандар христиандардың зиратына жерленуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.