jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

"Тікұшақ тартылды": Каспий теңізінде жоғалып кеткен үш қыз іздестірілуде

Каспийдегі ТЖМ борты
Каспийдегі ТЖМ борты. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

Маңғыстау облысында құтқарушылар Каспий теңізінде жоғалып кеткен үш қызды іздестіруде. Бұл туралы облыстық ТЖД Instagram парақшасында хабарлады.

Белгілі болғандай, қыздар Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде үрмелі матрацты пайдаланып, ашық теңізге түскен. Олар отырған үрмелі матрацты теңіз толқыны алып кеткен.

ТЖД мәліметінше, қыздарды құтқару жұмыстарына алдымен ТЖД, ҰҚК ШҚ, ПД күштері жұмылдырылған. Кейін іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы тартылған.

ТЖД іздеу жұмыстарының нәтижесі қосымша хабарланатынын атап өтті.

Айта кетейік, 21 шілде күні Ақтөбе облысында үш жасөспірім қыз Ырғыз өзеніне батып кеткен еді.

"Тікұшақ тартылды": Каспий теңізінде жоғалып кеткен үш қыз іздестірілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.