Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаппай төбелес ұйымдастырмақ болған: Қарағандыда 42 адам ұсталды

Опубликовано:

Ұсталғандар
Ұсталғандар. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қарағанды облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы автотұрақтардың бірінің маңында бір топ жастың бұзақылық әрекетінің алдын алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, полицияға 42 адам жеткізілді, оның 11-і кәмелеттік жасқа толмағандар.

Ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіленді. Көліктер полиция басқармасының автотұрағына қойылды.

Ведомство мәліметінше, ҚК 293-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жедел басқару орталығының бақылау камераларына жаппай төбелес түсіп қалғаны туралы жазған едік.

Төбелеске қыздар да қатысқанын көруге болады. Тәртіп сақшылары үш күдіктіні ұстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030026-zappai-tobeles-uiymdastyrmaq-bolgan-qaragandyda-42-adam-ustaldy/

pixel