Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәрсенбіде елдегі екі қалада ауа ластануы мүмкін

Опубликовано:

Алматыдағы ауаның ластануы
Алматыдағы ауаның ластануы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

26 шілдеде Алматы мен Ақтөбе қаласында ауа ластануы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Метеорологтардың болжауынша, Қазақстанның батысы мен оңтүстігіндегі екі қалада ауаның ластануы және қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтілуде.

"26 шілдеде тәулік бойы, 27 шілде күні түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейінің көтеріңкі болуы күтілуде", - делінген хабарламада.

Дәл осындай ескерту алматылықтарға да жасалды.

Ақ халаттылардың YK-news.kz тілшісіне берген ақпаратынша, ҚМЖ кезінде атмосфераның беткі қабатында ластаушы заттар жиналып, ол атмосфераның жай-күйіне және адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Медицина қызметкерлерінің сөзінше, бұл жағдайда адам зиянды заттардың әсерін жою және алдын алу шараларының кешені туралы ақпараттандырылса, онда ол ластаушы заттардың адам ағзасына тигізетін әсерін айтарлықтай төмендетуі мүмкін немесе мүлдем жоюы да ықтимал.

ҚМЖ кезінде адам ағзасын қорғау бойынша ұсыныстар:

  • физикалық белсенділіктің санын шектеп, далаға көп шықпаған дұрыс;
  • пәтерлердегі терезелер мен желдеткіштерді жабу керек;
  • қайнатылған, тазартылған немесе газсыз минералды суды я болмаса шай ішкен жөн, сондай-ақ сәл ас ерітіндісі қосылған сумен жиі ауызды шайып отыру керек;
  • рационға құрамында пектині бар тағамдарды қосқан абзал, Ондай тағамдарға пісірілген қызылша, қызылша шырыны, алма, жеміс-жидектен жасалған кисель, сондай-ақ итмұрын, мүкжидек, рауғаш, шөптік қайнатпалар, табиғи шырындар негізіндегі витаминді сусындар жатады;
  • көкөністер мен жемістерді көбірек жеу;
  • балалардың рационында қайнатылған сүт, ашытылған сүт өнімдерін, жаңа піскен сүзбе мен ет тұтынуды арттыру;
  • улы заттарды кетіріп, денені тазарту үшін тагансорбент, индигель, тагангель, белсендірілген көмірді қабылдау ұсынылады;
  • балаларды балабақшаларға мектептерде далада дене шынықтыру сабағын өткізуге болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030078-sarsenbide-eldegi-eki-qalada-aua-lastanuy-mumkin/

pixel