Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны босанған әйелінің өліміне дәрігерлерді айыптауда

Опубликовано:

Жүктілік
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылық ер адам босанған әйелінің қайтыс болуына дәрігерлерді кінәлап отыр. Оның сөзінше, кінәлілер жазадан құтылып кетуі мүмкін. Жүрегінің тоқтап қалған келіншек қаладағы ауруханалардың бірінде көз жұмды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Евгений Филиппов жүктіліктің 36-аптасында болған әйелінің асқазаны қатты ауырған. Жедел жәрдем қызметкерлері келіп, әйелді ауруханаға әкеткен.

Кейін ер адам әйеліне қоңырау шалып, байланысқа шыға алмағанын айтты. Ал үйде балалар қалып қойғандықтан Евгений әйелімен бірге ауруханаға бара алмаған.

"Ертеңінде әйелімді перинаталды орталыққа ауыстырғанын білдім. Оған кесарь тілігін жасаған екен. Сол кезде ғана жұбайымның ауыр жағдайда жатқанын естідім. Мекеме меңгерушісі Екатеринада бала кезінен денсаулығында ақаулары болғанын айта бастады. Одан кейін "компьютерлік томография жасайтын таныс бар ма" деп өзімнен сұрады. Дәрігерлердің бұл бассыздығын мүлдем түсінбедім. Сөйтіп, әйеліме компьютерлік томография нәтижесінде бас миының ісінуі диагнозы қойылды", - деді Евгений Филиппов.

Арнаның ақпаратынша, бірнеше сағаттан кейін Евгенийге әйелінің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар жеткен.

Қайғылы оқиғаға қатысты Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында түсініктеме берді.

"Науқас қалалық перинаталдық орталығында бас миының ісінуінен қайтыс болды. Басты диагноз - ауыр дәрежелі преэклампсиясы және HELLP-синдромы. Әйелдің әу баста ауруханаға кеп түскендегі жағдайы нашар болды. Жұбайына әйелі жайлы барлық мағлұмат дер кезінде айтылып отырды. Жүкті әйел кәмелетке толған еді, сондықтан кесарь тілігін жасау жөнінде де күйеуінен рұқсат алуға қажеттілік болмады. Біздің тарапымыздан оқиғаға қатысты қажетті талдау жүргізілді", - деді. Назгүл Иманғалиева, басқарма басшысының орынбасары.

Басқарманың мәліметінше, дәрігерлер қолдан келегеннің бәрін жасаған.

Бұл ретте Евгений құқық қорғау органдарына жүгінді. Ол әйелінің өліміне себепкер болған кінәлілер жазадан құтылып кетеді деп қорқады.

Марқұмның артында жаңа туған нәрестені қосқанда төрт баласы қалды: бір ұл мен екі қыз.

Тілшілердің хабарлауынша, ерлі-зайыптының үлкен балалары анасының қайтыс болғаны туралы білмейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде 32 жастағы жүкті әйел ауруханада көз жұмғаны туралы жазған едік.

Енді марқұмның анасы қызының өліміне кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030080-almaty-turgyny-bosangan-aielinin-qaitys-bolganyna-darigerlerdi-aiyptauda/

pixel