jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алматыдағы Райымбек даңғылында көлік қозғалысы бір айға ішінара шектеледі

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласындағы Райымбек даңғылында көлік қозғалысы бір айға ішінара шектеледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алматы жылу жүйесі" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"28 шілде сағат 22.00-ден 27 тамыз аралығында Алматы қаласының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойынша Байзақов көшесінен Казаков көшесіне дейін батыс бағытта автокөлік қозғалысы шектеледі", делінген хабарламада.

"Алматы жылу жүйесі" компаниясының мәліметінше, уақытша шектеулер аталған жол сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбыржолдарда жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.

"Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", дейді компания өкілдері.

Алматыдағы Райымбек даңғылында көлік қозғалысы бір айға ішінара шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.