Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан тумасы, миллиардер "Қазақстан халқына" қорына 22 миллиард теңге аударды

Опубликовано:

теңге
Теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Қазақстан тумасы миллиардер Василий Анисимов "Қазақстан халқына" қорына қомақты қаржы аударды. Мұндай ақпарат қордың ресми сайтындағы есепте келтірілген.

Есепке сәйкес, 2023 жылдың І жартыжылдығында "Қазақстан халқына" қорына 23,4 млрд теңге түскен.

Бұл қаражаттың басым бөлігін – 22,3 млрд теңгені миллиардер Василий Анисимов аударған. Қалған сома – "Сәтті Жұлдыз" АҚ-дан 1,05 млрд теңге және жеке тұлғалардан 12,2 млн теңге түскен.

Айта кетейік, Василий Анисимов Forbes-тің ресейлік миллиардерлер рейтингінде 72-ші орында. Қазіргі уақытта оның байлығы 1,6 миллиард долларға бағаланады.

Анисимов 1951 жылы Алматыда дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

Ресейлік Forbes басылымының жазуынша, Василий Анисимов 2022 жылдың желтоқсанында Хорватия азаматтығын алған, ал өзінің негізгі тұрғылықты жері ретінде Швейцарияны көрсеткен.

РИА Новостидің мәліметінше, миллиардер бұған дейін Ресейдің дзюдо федерациясын басқарған. Былтыр қыркүйекте отбасылық жағдайына байланысты ол жұмыстан кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030182-qazaqstan-tumasy-milliarder-qazaqstan-xalqyna-qoryna-22-milliard-tenge-audardy/

pixel