jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде ғылыми дәрежесі бар ғалымдарға үстемеақы төленеді

Ғылыми қызметкердің жұмыс барысы
Ғылыми қызметкер. Көрнекі фоти: pexels.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылдан бастап ғалымдардың лауазымдық жалақысы тағы да көтеріліп, ғылыми атағы бар ғылыми қызметкерлерге үстемеақы мөлшері артатынын мәлімдеді. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарында ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18 пайызға артты.

2024 жылдың 1 қаңтарынан тағы 18 пайызға, ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан 17 пайызға көбейетін болады.

"Қазақстан Республикасының ғылым мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көзделген норма аясында ғылыми атағы бар ғылыми қызметкерлерге үстемеақы мөлшерін арттыру көзделген", - делінген хабарламада.

Министрдік ақпаратынша, биылдан бастап ғылыми атақ болған кезде мынадай мөлшерде үстемеақы белгілеу көзделіп отыр:

  • Ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 25 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК);
  • Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 42 еселенген АЕК (бұрын 34 АЕК);
  • Ғылым кандидаты, философия докторы, бейіні бойынша доктор, ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессор үшін 50 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК).

Ведомство үстемеақылар тиісті диплом немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлік болған жағдайда негізгі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті.

Елімізде ғылыми дәрежесі бар ғалымдарға үстемеақы төленеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.