Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұздағы автогаз құю бекетінде шыққан өрт: қаза болған жас жігіт бекет иесінің ұлы болып шықты

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер Екібастұздағы автогаз бекетінен шыққан өртті сөндіруде
Өрт сөндірушілер Екібастұздағы автогаз бекетінен шыққан өртті сөндіруде. Фото: t.me/qr_tjm

Екібастұз қаласындағы автогаз құю бекетінде болған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ қаза болған жас жігіттің кім екені анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екібастұз қалалық әкімдігінің мәліметінше, өртке байланысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойыншы іс қозғалған.

"Қылмыстық кодекстің 281-бабы 2-бөлігі (Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша және Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі (Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабардар етті Екібастұз әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қайғылы оқиғадан кейін қала әкімдігінің қаулысымен Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары төрағалық ететін жұмыс тобы құрылан. Олар қаладағы 23 жанар-жағармай бекеті мен 11 автогаз құю бекетінің қызметін тексереді.

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне қаза болған жас жігіттің өрт шыққан автогаз құю бекеті иесінің ұлы екенін хабарлады. Ол бекетте оператор болып жұмыс істеген.

Еске сала кетейік, 26 шілдеде сағат Екібастұз қаласы Қонаев көшесінде орналасқан автогаз құю бекетінде өрт шығып, сол жердегі 4 цистерна жанған еді.

Өрт жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне ойысып, салдарынан шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сонымен қатар 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры да жанды.

Өрт сөндіру жұмыстары кезінде цистернаның жанынан жас жігіттің денесі табылды.

ТЖМ марқұмның жеке басы және оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын атап өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030210-ekibastuzda-zanarmai-beketindegi-ort-17-zastagy-bozbala-qaitys-boldy/

pixel