jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Күйеу жігіт қолдап келді": Көкшетауда тест тапсыруға той көйлегімен келген қалыңдық таңғалдырды (фото)

Кешенді тест тапсыруға келген қалыңдық
Кешенді тест тапсыруға келген қалыңдық. Фото: instagram.com/ruslan_yemelbayev

Көкшетау қаласында қалыңдық үйлену тойы күні магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсырды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

Ұлттық тестілеу орталығының директорының сөзінше, талапкердің кешенді тестілеуді тапсыру күні некеге тұру күнімен тұспа-тұс келген.

"Көкшетау қаласында магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге ерекше талапкер келді. Маңызды емтиханды жіберіп алмауға шешім қабылдаған бақытты қалыңдықты тестілеуге күйеу жігіт қолдап келді", - деп жазды Руслан Емелбаев.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры жазбасында жас жұбайларға махаббат пен ауызбіршілік, ал қалыңдыққа сәттілік тілеген.

Ұлттық тестілеу орталығы ресми сайтының мәліметінше биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге республика бойынша 42 569 өтініш келіп түскен.

"Күйеу жігіт қолдап келді": Көкшетауда тест тапсыруға той көйлегімен келген қалыңдық таңғалдырды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.