Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көктемде апат болған Риддердегі ЖЭО жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Опубликовано:

Жылу электр станциясы
Жылу электр станциясы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көктемде апат болған Риддер қаласының жылу жүйесін жөндеуге үкіметтен 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Үкімет өңірлердегі жылумен жабдықтау жүйелерін алдағы жылыту маусымына дайындау және жөндеу жұмыстарын жалғастыруда.

Атап айтқанда, құжатқа сәйкес, үкімет резервінен 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген кезек күттірмейтін шығындарға – Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына жалпы сомасы 8 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді", - делінген хабарламада.

Үкіметтің баспасөз қызметі қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталатынын, сонымен қатар отын беру галереясы мен аспирация жүйесін күрделі жөндеуге жұмсалатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 23 наурызында Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңы жарылысы болған еді.

Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метрді құрайтын қоршау құрылымдарын қиратып, облыс көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030230-koktemde-apat-bolgan-ridderdegi-zeo-zondeuge-8-mlrd-tengeden-astam-qarzy/

pixel