Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында бір жыл бұрын пайдалануға берілген жолдың ақауы бар екені анықталды

Опубликовано:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Атырау облысында 2022 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген тас жолға жаңа асфальт төселеді - тас жолының бір бөлігінде ақауы бар болып шықты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Атырау облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрлан Жантөриннің айтуынша, жоспарлы тексеріс барысында "Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы" жолының "Атырау-Доссор" учаскесінде ақаулар анықталған.

Жалпы 120 500 шаршы метр ауданда жолдың ақаулығы анықталған.

Бұл жолдың орташа жөндеу жұмыстары 2021 жылдың қыркүйегінде басталып, 2022 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілгені атап өтілді.

"Бұл жолдың екі жылға кепілдік мерзімі бар. Тексеру барысында "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" Атырау облыстық филиалында бірқатар ақауды анықтаған.

Оларды жөндеу үшін Маңғыстаудан жөндеушілер келіп, жол полициясынан ордер алып, жол белгілерін орнатып, жұмысқа кіріскен. Қазір жұмысшылар жол таңбаларын қырып, өшіріп жатыр.

Бұл тас жолының 12 шақырымына жаңа асфальт төселеді, ал қалған учаскедегі жолдың тек арасына жаңа асфальт құйылады. Жұмысты екі апта ішінде аяқтау жоспарлануда", - деді Жантөрин.

Сондай-ақ орталықта жол жөндеу жұмыстарын "Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты" АҚ мердігерлік мекеме жүргізіп жатқанын айтты.

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК ресми сайтының мәліметінше, мамандар биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 2 866 ақау мен кемшілік анықтаған. Республикалық жолдарда – 1 779, жергілікті жолдарда – 1 087 ақаулық бар екені белгілі болды.

Орталықта жол жабындарын төсеу кезінде жіберілетін қателіктер үшін жауапкершілік мердігер мен тапсырыс берушіге ғана жүктелмеуі керек екенін айтты.

"Жол құрылысы кезінде мердігердің жұмысымен, жол-құрылыс материалдарының сапалы болуын Техникалық қадағалау қызметі бақылауда ұстауы керек. Техқадағалау инженерлері салынып жатқан жол құрылысы басталғаннан толығымен пайдалануға берілгенге дейін нысан басында болуы шарт. Олар тапсырыс берушіге анықталған ақаулар мен кемшіліктер жөнінде уақытылы ақпарат беріп отыруға міндетті. Алайда іс жүзінде олай бола бермейді – жол салу және жөндеу сапасын қадағалау әлсіз немесе тіпті мүлдем жоқ", – деп атап өтті орталықтан.

Техникалық бақылау қызметін қаржыландыруға жыл сайын 10 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалады. Тек 2020-2022 жылы аралығында олардың қызметіне шамамен 30 млрд теңге бөлінген.

"Десе де қыруар бюджет қаражаты бөлінгеніне қарамастан, техникалық қадағалау жұмысының сапасына сарапшылар тарапынан көптеген сын айтылып келеді. Бұған сандар арқылы көз жеткізуге болады: 2022 жылы ЖАҰСО қызметкерлері жұмыс өндірісі участоктарында техникалық қадағалау инженерлерінің болмауына қатысты 185 дерек тіркесе, биыл жыл басынан бері осындай 75 жағдай анықталған", – делінген хабарламада.

Мердігер және техникалық қадағалау органдары тарапынан қандай да бір бұзушылықтарды анықтаған жағдайда Сапа орталығы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының өңірлік басқармаларына шағым түсіреді.

"Алайда көп жағдайда жолға толығымен техникалық қадағалау жасау өкілеттігіне ие тұлғалар жазаланбайды. МСҚБ заң бұзушыларға аттестаттан айыру немесе лицензиясын тоқтату, айыппұл санкцияларын салу секілді қатаң шараларды қабылдамайды.

Еліміздің түрлі өңірінде бір компанияның 6 сарапшысы аттестаттарынан айырылған жағдайлар болған, бірақ ол ұйымды жауапкершілікке тарту немесе аккредитацияны тоқтату сынды шаралар қолданылмаған", - деп хабарлады Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030385-atyrau-oblysynda-bir-zyl-buryn-paidalanuga-berilgen-zoldyn-aqauy-bar-ekeni-anyqtaldy/

pixel