Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында 13 жастағы қызды жылан шағып алды

Опубликовано:

жылан
Жылан. Көрнекі фото: pexels.com

Қостанай облысында ата-анасымен табиғатқа демалуға шыққан 13 жастағы қызды жылан шағып алған. Ата-анасы оның жарасын таңып, дәрі берген. 24 шілде күні ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы "Костанайские Новости" басылымы хабарлады.

"Жылан тістеген жерде некроз пайда болып, (қыз баланың - ред.) толық оң жағы аяғы мен кеуде қуысының ісінуі анықталды", - деп түсіндірді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов.

Басылымның ақпаратынша, осыдан кейін баланың шынтақ буыныны бүгілмей қалған. Бала жансақтау бөліміне жатқызылды.

Басылым мәліметінше, қыз балаға жылан уына қарсы дәрі мен гангренаға қарсы дәрі дереу енгізіліп, антибактериалды және токсикалық терапия жүргізілді.

Баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Ісінуі басылып келе жатыр. Қимылдау қабілеті толығымен қалпына келтірілді.

Басылымның хабарлауынша, әзірге қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр, ол қарқынды терапия қабылдауда.

Травматология мамандары өңірде балаларды жылан шаққан жағдайлар сирек кездесетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030446-qostanai-oblysynda-13-zastagy-qyzdy-zylan-sagyp-aldy/

pixel