Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанды жаяу жүріп өткен ұлытаулық жиһанкез енді әлемді аралауға аттанды

Опубликовано:

Cаяхатшы Сәрсенбай Қотырашов
Cаяхатшы Сәрсенбай Қотырашов. Видеодан кадр: youtube.com/@Khabar24

Ұлытаулық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов қоларбасын сүйреп, Қазақстанды жаяу жарты жылда аралап шыққан. Енді жиһанкез әлемді жаяу аралауға ниетті екен. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, жезқазғандықтар Сәрсенбай Қотырашовты саяхатқа шығарып салған. 73 жастағы қария былтыр Қазақстанды жаяу жүріп өткен еді. Сәрсенбай Қотырашовтың сөзінше, ендігі меже - жер шарын бағындыру. 17 мың шақырымды құрайтын сапар екі жылға жоспарланған.

Былтыр қоларбасын сүйреп жарты жылда Қазақстанды жаяу аралап шыққан қария "бұл жолғы сапарға да тыңғылықты дайындалдым" дейді. Әлемнің 17 мемлекетін басып өтетін сапар 2 кезеңге бөлінген. Оның алғашқысы 2 тамыз күні Атыраудан басталады. Қазан айының соңына дейін Түркияға жетіп алмақшы.

"Екінші бөлімді Алла қуат берсе келесі жылы бастаймын. Түркиядан - Болгария, Сербия, Румыния, Австрия, Германия, Франция. Франциядан ұшақпен Америкаға ұшам", - дейді саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов.

Тілшілер мәлім еткендей, ақсақал ұзақ сапар алдында жерлестерімен кездесіп, замандастарының батасын алды. Жастармен жүздесіп, жаяу жүрудің артықшылықтары туралы әңгімелеп берді.

"Жасы 80-ге келсе де осыншалықты деңгейде бізге жаңалық ашып, батыл қадамға барып жатқаны барлық жастарға таптырмас мотивация", - дейді Жезқазған қаласының тұрғыны Зарина Әшірбек.

Жиһанкез бұл алыс қашықтықтағы екінші саяхаты болғандықтан, осы жолғы сапардың мақсаты тіптен ауқымды атап өтті.

"Осы жолғы мақсатым - дүниежүзін бейбітшілікке шақыру. Денсаулығым зор болсын десең кемінде күнде 7 километр жаяу жүр. Үшінші, қазақ деген мемлекет бар. Қазақ деген мемлекеттік мәдениеті болған. Көшпенділер арқылы бүкіл дүниежүзіне тараған. Осыны насихаттау", - дейді саяхатшы.

Сәрсенбай Қотырашов бұл сапарға жалғыз аттануға бел байлапты. Қасына көмекші не болмаса дәрігер ертуге қаржылық мүмкіндік жоқ дейді. Бар серігі – ең қажет заттар салынған қоларба ғана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030448-qazaqstandy-zayau-kezgen-ulytaulyq-zihankez-endi-alemdi-aralauga-attanbaq/

pixel