jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

FlyArystan Түркістан – Астана рейсін 15 сағатқа кешіктіріп жатыр

Ұшақ
Видеодан кадр: Almaty.tv

29 шілде күні сағат 00:55-те ұшуы керек КC7362 Түркістан - Астана рейсі 15 сағатқа кешіктірілді, деп хабарлайды FlyArystan компаниясы ресми Telegram арнасында.

"Рейс Түркістан қаласының жергілікті уақыты бойынша алдын ала 29.07.2023 сағат 16:30-ға ұшуға жоспарлануда. Біз жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз және ұшу қауіпсіздігі біздің басты приоритетіміз екенін еске саламыз", - деді компания өз жазбасында.

Әуе компаниясы рейс жолаушылары сусын, ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін атап өтті:

1. Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде: жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады;

2. Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде, ыстық тамақ ұсынылады. Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласуды сұраймыз;

3. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады;

4. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады;

5. Күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық кідіріс болса, жолаушыларға қоныстануға, сондай-ақ қоныстану жеріне дейін және кері қарай трансфер қарастырылады.

"Аталған мәселелер бойынша жолаушылардан FlyArystan өкілдеріне хабарласуларыңызды сұраймыз, барынша қолдау көрсетілетін болады", - деді әуе компаниясы.

FlyArystan Түркістан – Астана рейсін 15 сағатқа кешіктіріп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.