Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар – Омбы тас жолында жүк көлігінің жүргізушісінен құны 2,5 млн долларға жететін есірткі табылды

Опубликовано:

Жүк көлігінің жүргізушісінен табылған есірткі
Жүк көлігінің жүргізушісінен табылған есірткі. Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы арқылы өткен есірткінің ірі партиясы транзитінің жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарланды.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев жедел-тергеу іс-шаралары туралы баяндап берді.

"Биылғы жылдың шілде айында Павлодар – Омбы бағытындағы автожолда арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің күштік қолдауымен жүк көлігін тізгіндеген 54 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды. Жүк көліктің Volvo маркалы тіркемесінде Қырғызстаннан Ресейге жеткізілуі тиіс қарбызбен қоса, 59 килограмм “героин” салынған 21 полиэтиленді орама және 10 килограмм “гашиш” салынған екі орама анықталып, тәркіленді", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Ведомство мәліметінше, бұл шамамен 250 мың бір реттік доза, оның қара нарықтағы құны 2,5 миллион доллардан асады.

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды ("Айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы").

Асқар Мұхаметқалиевтің сөзінше, қазір есірткі қылмысының өзге қатысушылары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ есірткі жеткізудің басқа да ықтимал арналарын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030631-pavlodar-omby-tas-zolynda-zuk-koliginin-zurgizusisinen-quny-25-mln-dollarga-zetetin-esirtki-tabyldy/

pixel