Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамыздың алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжауынша, тамыз айының алғашұы үш күнінде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел сақталады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы айтарлықтай тұрақты болады деп болжануда.

Еске сала кетейік, бұған дейін дүйсенбі, 31 шілдеде Алматыда найзағай ойнайтыны, ал Шымкент пен Астанада күн ашық болатыны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030663-tamyzdyn-algasqy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/