jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Отқа май құйып, атын өзгерткен: қазақ қызына үйленген кәріс жігіті Астанада ислам дінін қабылдады (фото)

Назым Жұматаева мен Джон Хеджин
Назым Жұматаева мен Джон Хеджин. Фото: жеке мұрағат

Назым Жұматаева Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп, сол жақтың азаматына тұрмысқа шыққан. Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасы өзінің көптен бері көкейінде жүрген арманын орындап, күйеуінің ислам дінін қабылдауына себепкер болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Назым мен Оңтүстік Корея азаматы, этникалық кәріс Джон Хеджин бір шаңырақ астында үш бала тәрбиелеп отыр. Олар бүгінде Индже қаласында өмір сүреді.

"Күйеуіме ислам дінін қабылдаса деген ойымды осыдан екі жыл бұрын айтқанмын. Ол әуелден қарсы болған жоқ. Міне, сол арманым орындалып, күйеуімнің мұсылмандыққа өткенін үлкен қуанышпен атап өттік. Осы мақсатымызды орындау үшін арнайы Астана қаласына отбасымызбен бірге келдік. Мұнда бізді әкемнің жеңгесі жылы қабылдап, туыстарымыз қонақ қылды. Күйеуімнің ислам дінін қабылдағанына орай дастархан жайылып, мәре-сәре болдық. Жолдасым отқа май құйып, мұсылманша неке қидық", - дейді Назым.

Назым Жұматаева отбасымен
Назым Жұматаева отбасымен. Фото: жеке мұрағат

Сондай-ақ әулеттің үлкендері Назымның күйеуі мен кіші қызына азан шақырып, қазақша ат қойды.

"Күйеуім маған қамқор боп жүрсін деген ниетпен үлкендер "Қамқор" есімін берді. Ал кіші қызыма азан шақырып, Саяна есімін қойдық. Күйеуіме өзінің жаңа есімі де, күн сайын көркейіп жатқан Астана қаласы да қатты ұнады. Тіпті, болашақта Қазақстанға келіп тұруға да қарсы еместігін жеткізді. Елден жырақта жүрсем де, өзімнің қазақ екенімді ешқашан ұмытпаймын. Қазақтың барлық салт-дәстүрін ұстанамын, қазақтың ұлттық тағамдарын да жиі дайындаймын. Балаларым да қазақша түсінеді, бірнеше сөздерді айта алады. Енді күйеуім де мұсылмандық жолға түсіп, жоғым түгелденгендей, іздегенім табылғандай күй кешіп жүрмін", - деді Назым.

Назым Жұматаева туыстарымен
Назым Жұматаева туыстарымен. Фото: жеке мұрағат

Айта кетелік, қазіргі таңда Назым отбасымен бірге Астанада қонақ болуда.

Отқа май құйып, атын өзгерткен: қазақ қызына үйленген кәріс жігіті Астанада ислам дінін қабылдады (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.