Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақшаға мұқтаж болған: шетелге бүйрегін сатқысы келген 33 жастағы оралдық азамат ұсталды

Опубликовано:

Бүйрегін сатпақ болған азамат
Бүйрегін сатпақ болған азамат. Көрнекі фото: polisia.kz

Шетелге өз бүйрегін сатпақ болған Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны Алматы әуежайынан ұсталды. Ол Кения Республикасында ота жасауға келіскен, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы.

Оралдық азамат отаны Кенияда жасату бойынша мәміле жасасқан. 30 шілде күні БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Көліктегі ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен бірлесіп, ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің үйлестіруімен адам органдарын сату әрекеті тоқтатылды.

Істің мән-жайын анықтай келе, бүйрегін Орал қаласының 33 жастағы А. есімді тұрғыны сатпақ болғаны анықталды. Отбасылы, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азамат мұндай әрекетке ақшалай қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты барған.

"Мамыр айында аталған азамат халықаралық интернет-сайтта жарияланған ақшалай сыйақы үшін трансплантацияға бүйрек сатылымы туралы хабарландыруды көрген. Оған Telegram каналы арқылы сайттың қызметкерлері хабарласып, олар өзара ортақ мәмілеге келіп, нәтижесінде қос тарап құны 20 мың АҚШ долларын құрайтын отаны Кения Республикасында жасауға келіскен", - делінген хабарламада.

Оралдық азамат екі ай бойы медициналық орталықтарда қан тапсырып, талдау нәтижелерін Telegram канал арқылы сайт өкілдеріне жіберіп отырған. Екінші тарап оған жол жүру, электронды виза үшін 250 АҚШ доллары көлемінде ақша жіберген.

"30 шілде күні полиция қызметкерлері аталған азаматты Алматы қаласындағы әуежайдың ұшу аймағынан ұстаған. Одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азамат Орал қаласына жеткізіліп, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116 бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, Қазақстанда органдарды сатуға тыйым салынады және трансплантациялау жасаудың жалғыз жолы — оның туысының өтеусіз қайырымдылығы немесе қайтыс болған адамның туыстарының келісімімен органды трансплантациялау", - деп жазылған полиция департаменті таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030734-aqsaga-muqtaz-bolgan-setelge-buiregin-satqysy-kelgen-33-zastagy-oraldyq-azamat-ustaldy/

pixel