Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өрт қаупі бар: Қазақстан бойынша 1 тамызда дауылдық ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Күн
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ресми сайтында 1 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, елімізің бірнеше өңірінде ескерту жариялады.

Астана қаласында 1 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

1 тамызда Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

1 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 1 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

1 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

1 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. 01 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

1 тамызда Костанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, найзағайда екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. 1 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

1 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 1 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

1 тамызда түнде Абай облысының орталығында, күндіз батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус, оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 01 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

1 тамызда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. 01 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

1 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында найзағай кезінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-43 градус қатты ыстық сақталады. 1-3 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

1 тамызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 1 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

1 тамызда күндіз Атырау облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 01 тамызда облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 01 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

1 тамызда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

1 тамызда Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. 01-02 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қаласында 1 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 1-2 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

1-2 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 01-03 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 1-3 тамызда күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 1-3 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

1 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 1 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030764-ort-qaupi-bar-qazaqstan-boiynsa-1-tamyzda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/