Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кінәлілер жазасыз қалмауы керек": Павлодарда соққыға жығылған жасөспірімге қатысты іс бақылауға алынды

Опубликовано:

Көшеде кетіп бара жатқан жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда ауыр соққыға жығылып, ауруханаға түскен мектеп оқушысына қатысты істі Балалар құқығын қорғау комитеті толық бақылауға алды. Бұл туралы комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Павлодарда ауыр соққыға жығылған жасөспірім туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тараған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы соққыға жығылған 13 жастағы жасөспірім бірнеше жарақатпен ауруханаға түскенін хабарлаған еді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

"Қазір зардап шеккен оқушы ауруханада ем алуда. Оған алдағы уақытта жан-жақты көмек көрсетілмек. Тіркелген факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі адамдар жазасыз қалмауы керек", - деді Балалар құқығын қорғау комитетінің өкілдері.

Балалар құқығын қорғау комитеті балалар арасындағы қатыгездікті алдын алу мақсатында өңірлерге білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын күшейтіп, балаларды қосымша біліммен 100 пайызға қамту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030780-kinaliler-zazasyz-qalmauy-kerek-pavlodarda-soqqyga-zygylgan-zasospirimge-qatysty-is-baqylauga-alyndy/

pixel