jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қарағандыда балалардың жаппай улану себебі тамақ емес": бас санитариялық дәрігер пікір білдірді

медициналық препарат
Медициналық препарат. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова министрлер кабинетінің кулуарында Қарағандыда балалардың жаппай улануын тексеру барысында олардың тамақтан уланбағаны белгілі болғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Себебін анықтау үшін уақыт керек. Алғаш зардап шеккен балалар 30 шілдеде кешке қарай аурухағана түскен. Қалғандары кеше, 31 шілдеде келген. Бұған дейін тамақтан уланды деген күдік болған, бірақ алғашқы тергеу улану себебі тамақтан емес, оған еш қатысы жоғын көрсетті. Балалардың жағдайы ауыр екенін ескеріп, бүгін денсаулық сақтау министрі оқиға орнына барды", - деді Айжан Есмағамбетова.

Ол осы уақытқа дейін улану белгілері бар 12 балаға "белгісіз заттан улану" диагнозы қойылғанын атап өтті.

"Өкінішке қарай 12 баланың біреуі көз жұмды, 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр. 5 баланың жағдайы орташа ауыр. Барлығы - жасөспірім ұлдар", - деді санитар дәрігер.

Айта кетейік, Қарағанды облысында әлеуметтік орталықта бірнеше бала уланып, ауруханаға жатқызылған. Жаппай улану салдарынан бір баланың көз жұмғаны белгілі болды.

Сонымен қатар улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жағдайды Бас прокуратура бақылауға алды.

"Қарағандыда балалардың жаппай улану себебі тамақ емес": бас санитариялық дәрігер пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.