jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Ерекше кәсіби маман еді": Түркиядағы жол апатынан қаза тапқан қазақстандық туралы не белгілі

Кенже Мұңайтпасұлы
Кенже Мұңайтпасұлы. Фото: Lada.kz

Жексенбіде Түркияда жол апаты болып, зардап шеккен қазақстандықтардың бірі ауруханада көз жұмғаны хабарланған еді. Қайғылы оқиғадан маңғыстаулық заңгердің қаза тапқаны белгілі болды, деп жазады Lada басылымы.

Басылымның жазуынша, маңғыстаулық заңгер Кенже Мұңайтпасұлы Түркиядағы жол апатынан көз жұмды. Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы президиумының төрағасы Бауыржан Мұсаев марқұм туралы еске алып, жақындарына көңіл айтты.

Басылым мәліметінше, қаза тапқан Маңғыстау тұрғыны 49 жаста, ол облыстық адвокаттар алқасының адвокаты болған. 2018 жылдан бері адвокаттық қызметпен айналысқан. Ол 2002-2013 жылдар аралығында прокуратура органдарында жұмыс істеген.

"Кенже Мұңайтпасұлының қайтыс болғаны туралы хабар бізді қатты қайғыртты. Осы қиын сәтте өкінішімізді жеткізу үшін көңіл айту жеткіліксіз. Ол өте принципшіл, адал заңгер, ерекше кәсіби маман болды. Оның өмірден өтуі - біздің қоғам үшін орны толмас қайғы. Оның таланты мен жанкештілігі ешқашан ұмытылмайды. Кенже Мұңайтпасұлының отбасына достары мен туыстарының қолдауы қайғыны еңсеруге көмектеседі деген ойдамын"- деді Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы президиумының төрағасы Бауыржан Мұсаев.

Айта кетейік, СІМ 30 шілде күні таңертең Аланияда шағын автобус жол-көлік апатына ұшырағанын, оның ішінде Қазақстанның 12 азаматы болғанын хабарлаған еді.

"Ерекше кәсіби маман еді": Түркиядағы жол апатынан қаза тапқан қазақстандық туралы не белгілі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.