Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда автобус апатынан зардап шеккен алты қазақстандық бүгін елге оралады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: piqsels.com

Сыртқы істер министрлігі Түркияда таяуда болған жол апаты салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы жаңа ақпарат хабарлады. Министрлік мәліметінше, алты адам бүгін елге оралады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, Аланиядағы жол-көлік оқиғасынан кейін ауруханада емделіп жатқан 11 қазақстандықтың ішінде 6 отандасымыз жазылып, бүгін кешке Қазақстанға оралады.

СІМ ақпаратынша, Қазақстан Республикасының бес азаматы дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті емін алуды жалғастыруда. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Емдеудің барлық шығыны сақтандыру аясында өтеледі.

"Қазақстандық дипломаттар қаза болған Қазақстан Республикасы азаматының туыстарына да қажетті көмек көрсетуде. Керекті құжаттар рәсімделген соң, жақын арада отандасымыздың денесі Қазақстанға жеткізіледі деп күтілуде", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Түркиядағы шағын автобустың апатқа ұшырауы

30 шілде күні БАҚ беттерінде Түркияда қазақстандық туристер мінген шағын автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тараған болатын. Хабарламада жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан адамдар бар екені айтылған.

Жергілікті NTV басылымы ақпаратынша, Алания аумағында туристер мінген шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 12 адам жарақат алып, гид пен жүргізуші қаза тапқан.

Бұған қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, шағын автобуста Қазақстан азаматтары болғанын растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030892-turkiyada-avtobus-apatynan-zardap-sekken-alty-qazaqstandyq-bugin-elge-oralady/