jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгінгі таңда Қазақстанда қанша адам тұрады

Велосипед теуіп бара жатқан ер адам
Көшедегі адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан халқының саны 2023 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша 19 899 377 адамға жеткен. Жаңартылған мәлімет Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланған.

Бюро жариялаған мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтардың саны бір айда 20 мыңнан аса адамға өскен. 2023 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша Қазақстандағы халық саны 19 879 003 адамды құраған болатын.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қала халқы 12 317 671 адам, ауыл халқы 7 581 706 адамға жеткен.

Бюро ақпаратынша, Қазақстанда халқы ең көп елдімекен - Алматы қаласы. Мегаполисте 2,1 млн адам тұрады. Екінші орында - 2,1 млн тұрғыны бар Түркістан облысы болса, 1,5 млн адам тұратын Алматы облысы үшінші орында.

Сонымен қатар 2023 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша елордада 1 383 291 адам, еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте 1 205 889 адам тұрады.

Айта кетейік 2017 жылы Қазақстан халқының саны 17,9 млн адам болған еді. Оның 10,3 млн тұрғыны қалалықтар, 7,5 млн тұрғыны ауылдықтарды құраған. 2021 жылы қазақстандықтардың саны өсіп, 18,8 млн-ға жеткен болатын.

Бүгінгі таңда Қазақстанда қанша адам тұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.