jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Найзағай, 39 градусқа дейін ыстық": бүгін еліміздің ірі қалаларында қандай ауа райы күтіледі

Cубұрқақ
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 3 тамызда Алматы, Астана және Шымкентте күн райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Астанада найзағай ойнап, желдің екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді. Соған байланысты елордада дауылдық ескерту жарияланды. Астанада термометр бағаны күндіз +30...+32 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +16...+18 градусқа дейін төмендейді.

3 тамызда Алматыда күн ыстық болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік астанада күндіз ауа температурасы +35...+37 градусқа жетеді, түнде мегаполисте ауа температурасы +23...+25 градусқа дейін төмен болады деп болжануда. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.

Шымкентте де ауа райы жауын-шашынсыз, қалада қатты ыстық әлі де сақталады. Үшінші мегаполисте күндіз термометр көрсеткіші +37...+39 градусқа дейін көтерілсе, түнде ауа температурасы +21...+23 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.

"Найзағай, 39 градусқа дейін ыстық": бүгін еліміздің ірі қалаларында қандай ауа райы күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.