jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алматыда веложарысқа байланысты жексенбі күні кей көшелерде көлік қозғалысы шектеледі

Велосипедшілер
Велосипедшілер. Көрнекі фото: pixabay.com

Осы жексенбі, 6 тамыз күні Алматыда Tour of World Class Almaty веложарысы өтеді, соған байланысты жарыс өткізілетін жерлердегі жолдың кейбір бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл туралы "Алматы-марафон" қорының сайтында хабарланды.

Веложарыс Almaty Arena көпфункционалды кешенінің аумағынан басталады.

Сайттың хабарлауынша, жарыс кезінде мынадай көшелерде көлік қозғалысы шектеледі:

  • Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі Almaty Arena-ға іргелес жолдың қысқа бөлігі 6 тамызда сағат 02:30-дан 17:30-ға дейін екі бағытқа да жабылады;
  • Доспанова көшесімен айналма жолдан Аднан Мендерес көшесіне дейінгі қозғалыс екі бағытта да сағат 06:00-ден 09:50-ге дейін;
  • Момышұлы көшесі бойынша Аднан Мендерес көшесінен Мөңке Би көшесіне дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін;
  • Момышұлы көшесінен Мөңке Би көшесі бойымен Момышұлы көшесінің жалғасына дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін;
  • Момышұлы көшесі бойынша Мөңке Би көшесінен БАК бойындағы көшеге дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін;
  • БАК бойындағы Момышұлы көшесі бойымен экологиялық бекетке дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:00-ге дейін шектеледі.
  • Индустриялық аймақтың айналасындағы қозғалыс 06:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.

Деректер веложарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілгені туралы атап өтілді.

"Іс-шара күні қоғамдық көлік қүнделікті режимде жұмыс істейтінін және оған жеке жолақ бөлінетінін атап өту маңызды.", - делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Алматыда веложарысқа байланысты жексенбі күні кей көшелерде көлік қозғалысы шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.