jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Найзағай, 38 градус ыстық, қатты жел": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Көлік тоқтатып тұрған әйелдер
Көлік тоқтатып тұрған әйелдер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жұма, 4 тамызда Астанада тағы да найзағай ойнап, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетіп, жел екпіні 15 м/с күшейетін болғандықтан дауылдық ескерту жарияланды. Елордада күндіз ауа температурасы +28...+30 градусқа дейін көтерілсе, түнде +16...+18 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Сонымен қатар Астанада өрт шығу қаупінің жоғары болуына байланысты дауылдық ескерту жарияланды.

Алматыда бүгін жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік астанада күн ыстық, күндіз термометр +35...+37 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +23...+25 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 3-8 м/с дейін жетеді.

Шымкентте де күн ашық, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз термометр +36...+38 градусты көрсетсе, түнде мегаполисте ауа температурасы +20...+22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.

"Найзағай, 38 градус ыстық, қатты жел": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.