Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 млн теңгеге кондиционер": Астана ПД қымбат құрылғы сатып алуға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Кондиционер
Кондиционер. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана полиция департаменті 40 млн теңгеге екі кондиционер сатып алуды жоспарлаған. Тиісті лот мемлекеттік сатып алу сайтында пайда болды. Қымбат құрылғы сатып алуға байланысты елордалық ПД пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сайттағы ақпаратқа сәйкес лот шілде айының соңында орналастырылған. Астана полиция департаменті серверлік бөлмеге екі кондиционер сатып алуды жоспарлаған. Әр құрылғының құны – 20 089 285,712 теңге.

Ведомство 2 құрылғы сатып алуды жоспарлап отыр, бұған 40 178 571,424 теңге жұмсалған.

Елордалық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомсто өкілдері кондиционерлерді сатып алу бағасы осындай қымбат екенін айтты.

"Бұл өндірістік кондиционерлер күрделі механизмге құрылған. Өйткені жабдық салқындату режимінде жоғары өнімділікке ие. Сондай-ақ құрылғы жұмыс істеу компоненттерінің үшін маңызды тораптары да көп", - делінген ведомство түсініктемесінде.

Полиция департаменті кондиционерлер серверлік бөлмеде ауаның оңтайлы параметрлерін ұстауға және ақпараттық жүйелер мен полиция деректер базасының тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031237-40-mln-tengege-kondicioner-astana-pd-qymbat-qurylgy-satyp-aluga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel