Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында Меркі тауларындағы 350 гектар аумақтағы өрт сөндірілді

Опубликовано:

Жамбыл облысындағы құрғақ шөп өрті
Жамбыл облысындағы құрғақ шөп өрті. Фото: t.me/qr_tjm

Жамбыл облысының Меркі тауларында бірнеше күнге созылған құрғақ шөп өрті сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 7 тамызда 7:00-де Жамбыл облысының Меркі тауларында алдын ала болжам бойынша 350 гектер алаңдағы құраған шөп өрті сөндірілді.

"Өртті сөндіру барысында жалпы әуеден 40,5 тонна су төгілді. Өртті сөндіру жердің күрделі рельефіне, қураған шөптің құрғақтығына, өрт ошағына жетудің күрделілігіне, су көздерінің қашықтығына байланысты және құбылмалы жел екпінінен қиындай түсті", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 4 тамызда өрт сөндірушілер Жамбыл облысы Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жердегі таулы аумақта 300 гектар құрғақ шөп өртін сөндіріп жатқанын хабарлаған едік.

Оған дейін 2-тамызда тұтанған ірі табиғи өрт Жамбыл облысында Аспара-Меркі орман шаруашылығындағы 200 гектар аумақты шарпығаны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031490-zambyl-oblysynda-merki-taularyndagy-350-gektar-aumaqtagy-ort-sondirildi/

pixel